Ақмола облысының әкімі

Мәлiк Кеңесбайұлы Мырзалинның блогы

Категории

Құрметті сайтқа кірушілер!

 


 

Ақмола облысы әкімінің ресми блогына қош келдіңіздер! Бүгінгі күні блог-платформа қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ынтымақтастық пен өзара әрекет етудің құрылымдық диалогы және пікір алмасу алаңы.

Менің ресми блогымда әрбір пайдаланушыда өз пікірлерін қалдыруына, сұрақтар қоюға, ұсыныс енгізуіне мүмкіндігі бар. Әрбір өтініш білдіруші өзінің сұрақтарына дәйекті жауаптар алатынына сенімдімін. Интерактивті қарым-қатынас арқылы қордаланған түйіткілді шешіп, жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттыруға болады. Ең бастысы, бірігіп жұмыс істеу Ақмола өңірінің экономикалық әлеуметтік дамуына септігін тигізеді. Сонымен қатар Сіздер интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ресми-порталдан Ақмола облысының күнделікті тыныс-тіршілігі, даму тенденциялары туралы маңызды мәліметтерді таба аласыздар. Портал — оқырман сұранысын толықтай қанағаттандырып, рухани қажеттіліктеріңізді жедел ақпаратпен қамтамасыз ететін сенімді серіктеріңізге айналады деген сенімдеміз.