Ақмола облысының әкімі

Мәлiк Кеңесбайұлы Мырзалинның блогы

Категории

Өмiрбаян

Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин, 1971 жылы туған, бiлiмi жоғары, Москва мемлекеттiк халықаралық қатынастар институтын бiтiрген. Саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Орталық және жергiлiктi органдарда жұмыс iстеу тәжiрибесi бар. 1995 жылдың қазанынан 2004 жылдың қаңтарына дейiн ҚР СIМ жүйесiнде iстеген. 2004 жылдың қаңтары 2006 жылдың сәуiрi аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы болып iстедi. 2006 жылдың сәуiрнен бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары, 2007 жылдың наурызынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары лауазымдарын атқарды. 2008 жылдың қарашасынан 2009 жылдың желтоқсанына дейiн «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2010 жылдың сәуiр-мамыр айларында — «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ президентiнiң кеңесшiсi болып iстедi. 2010 жылдың мамырынан 2011 жылдың тамызына дейiн Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы аппаратының басшысы лауазымын атқарды. 2011 жылдың тамызынан бастап 2013 жылдың шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң жауапты хатшысы болды. 2013 жылы шiлдеде Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқарушысының орынбасары, кейiн 2017 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқарушысының бiрiншi орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылдың наурызынан берi Ақмола облысының әкiмi лауазымын атқарады.

«Құрмет» орденiмен, «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен наградталған.

 

Облыс әкiмi
Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин

 

Облыс әкiмдiгi мен облыс әкiмi аппаратының қызметiн басқару.

Облыс әкiмi бiрiншi орынбасарының, облыс әкiмi орынбасарларының, облыс әкiмi аппараты басшысының, облыстық атқарушы органдардың, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалалары әкiмдерiнiң жұмыстарын үйлестiру, аумақтық органдардың келiсiп жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.

Экономикалық, қаржылық, фискалдық саясаттың, жергiлiктi бюджеттiң стратегиялық мәселелерi.

Кадрлық саясат мәселелерi.

Қорғаныс және құқықтық тәртiп мәселелерi.

Нормашығармашылық қызметiн үйлестiру.

Дата создания: 10.06.2015 15:50
Дата обновления: 17.05.2017 10:56